КОД СОБАКИ
РУССКИЙ ТЕКСТҚАЗАҚША МӘТІН

Публичная оферта

Жария оферта

О предоставлении доступа к приложениям «КОД СОБАКИ»

«КОД СОБАКИ» қосымшаларына қолжетімділік беру туралы

Действующая редакция от 17 ноября 2026 года. Оферта применяется ко всем приложениям «КОД СОБАКИ», доступ к которым приобретается на сайте kodsobaki.com.

2026 жылғы 17 қарашадағы қолданыстағы редакция. Оферта қолжетімділігі kodsobaki.com сайтында сатып алынатын барлық «КОД СОБАКИ» қосымшаларына қолданылады.

1. Общие положения

1. Жалпы ережелер

Индивидуальный предприниматель, сведения о котором размещены в подвале этой страницы, далее — Продавец, предлагает покупателю заключить договор о предоставлении доступа к приложениям «КОД СОБАКИ». Сведения о Продавце являются частью оферты.

Осы беттің төменгі бөлігінде мәліметтері көрсетілген жеке кәсіпкер, бұдан әрі — Сатушы, сатып алушыға «КОД СОБАКИ» қосымшаларына қолжетімділік беру туралы шарт жасасуды ұсынады. Сатушы туралы мәліметтер осы офертаның бір бөлігі болып табылады.

Настоящий документ является публичной офертой в соответствии с пунктом 5 статьи 395 Гражданского кодекса Республики Казахстан, далее — ГК РК.

Осы құжат Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабының 5-тармағына сәйкес жария оферта болып табылады. Бұдан әрі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі — ҚР АК деп аталады.

Покупатель знакомится с офертой до оплаты. Оплата выбранного заказа означает принятие её условий и заключение договора без подписания отдельного бумажного документа — в соответствии с пунктом 3 статьи 396 и пунктом 2 статьи 394 ГК РК.

Сатып алушы төлем жасамас бұрын офертамен танысады. Таңдалған тапсырысқа ақы төлеу ҚР АК-нің 396-бабының 3-тармағына және 394-бабының 2-тармағына сәйкес осы офертаның талаптарын қабылдауды және бөлек қағаз құжатқа қол қоймай шарт жасасуды білдіреді.

2. Что приобретает покупатель

2. Сатып алушы не сатып алады

Продавец предоставляет покупателю право использования выбранного приложения для личного использования в пределах оплаченного доступа.

Сатушы сатып алушыға ақысы төленген қолжетімділік шегінде таңдалған қосымшаны жеке мақсатта пайдалану құқығын береді.

Доступ к приложению предоставляется без ограничений по срокам.

Қосымшаға қолжетімділік мерзімі шектелмейді.

Выбранное приложение, его функции, технические требования, стоимость и условия доступа указываются на странице соответствующего приложения до оплаты и фиксируются в условиях заказа. Информация предоставляется в соответствии со статьями 10 и 25 Закона Республики Казахстан «О защите прав потребителей».

Таңдалған қосымша, оның функциялары, техникалық талаптары, құны және қолжетімділік шарттары төлем жасалғанға дейін тиісті қосымшаның бетінде көрсетіліп, тапсырыс талаптарында тіркеледі. Ақпарат «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 және 25-баптарына сәйкес беріледі.

Исключительные права на приложения и материалы покупателю не передаются. Их использование осуществляется с соблюдением статьи 16 Закона Республики Казахстан «Об авторском праве и смежных правах».

Қосымшалар мен материалдарға айрықша құқықтар сатып алушыға берілмейді. Оларды пайдалану «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

Покупка оформляется на сайте kodsobaki.com. Использование приложений осуществляется на соответствующих поддоменах.

Сатып алу kodsobaki.com сайтында рәсімделеді. Қосымшалар тиісті қосалқы домендерде пайдаланылады.

РУССКИЙ ТЕКСТҚАЗАҚША МӘТІН

3. Оформление и оплата

3. Тапсырысты рәсімдеу және төлем жасау

Покупатель выбирает приложение, проверяет условия и сумму заказа, указывает действующий email для получения кода доступа и электронного чека.

Сатып алушы қосымшаны таңдайды, тапсырыс талаптары мен сомасын тексереді, қолжетімділік коды мен электрондық чекті алу үшін қолданыстағы электрондық пошта мекенжайын көрсетеді.

Оплата производится в тенге через платёжный сервис Robokassa способами, доступными на его платёжной странице. Реквизиты карты вводятся на защищённой стороне платёжного сервиса. Продавец не получает и не хранит полный номер карты и её защитный код.

Төлем Robokassa төлем сервисі арқылы оның төлем бетінде қолжетімді тәсілдермен теңгемен жүргізіледі. Карта деректемелері төлем сервисінің қорғалған ортасында енгізіледі. Сатушы картаның толық нөмірін және оның қауіпсіздік кодын алмайды және сақтамайды.

Для исполнения заказа оплата считается подтверждённой после получения Продавцом подтверждения от платёжной системы.

Тапсырысты орындау мақсатында төлем Сатушы төлем жүйесінен растау алғаннан кейін расталған болып есептеледі.

Оплата по настоящей оферте является разовой. Автоматические повторные списания не производятся.

Осы оферта бойынша төлем біржолғы болып табылады. Ақша автоматты түрде қайталап есептен шығарылмайды.

4. Получение и использование доступа

4. Қолжетімділікті алу және пайдалану

После подтверждения оплаты Продавец автоматически направляет на указанный email действующий код, ссылку на приложение и инструкцию по активации не позднее 24 часов с момента подтверждения оплаты.

Төлем расталғаннан кейін Сатушы көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жарамды қолжетімділік кодын, қосымшаға сілтемені және белсендіру жөніндегі нұсқаулықты төлем расталған сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей автоматты түрде жібереді.

Электронная доставка кода отдельно не оплачивается. Электронный фискальный чек формируется через подключённую онлайн-кассу re:Kassa и направляется на указанный при оплате email отдельно от письма Продавца с кодом доступа. Если чек не получен, покупатель может обратиться к Продавцу по контактам в подвале страницы.

Кодты электрондық түрде жеткізу үшін бөлек ақы алынбайды. Электрондық фискалдық чек қосылған re:Kassa онлайн-кассасы арқылы қалыптастырылып, төлем кезінде көрсетілген электрондық поштаға Сатушының қолжетімділік коды бар хатынан бөлек жіберіледі. Чек келмеген жағдайда сатып алушы беттің төменгі бөлігінде көрсетілген байланыс деректері арқылы Сатушыға жүгіне алады.

Если письмо не получено, код не работает или в email допущена ошибка, покупатель обращается к Продавцу по контактам в подвале страницы. После проверки заказа Продавец повторно направляет код либо восстанавливает возможность активации без повторной оплаты.

Егер хат келмесе, код жұмыс істемесе немесе электрондық пошта мекенжайында қате жіберілсе, сатып алушы беттің төменгі бөлігінде көрсетілген байланыс деректері арқылы Сатушыға жүгінеді. Тапсырысты тексергеннен кейін Сатушы кодты қайта жібереді немесе қайта ақы төлеуді талап етпей белсендіру мүмкіндігін қалпына келтіреді.

Покупатель обязан сохранять код и данные входа в тайне. Перепродажа доступа и распространение материалов приложения допускаются только с разрешения правообладателя либо в случаях, предусмотренных законом. Предусмотренные самим приложением возможности семейного доступа сохраняются.

Сатып алушы код пен жүйеге кіру деректерін құпия сақтауға міндетті. Қолжетімділікті қайта сатуға және қосымша материалдарын таратуға құқық иесінің рұқсатымен ғана немесе заңда көзделген жағдайларда жол беріледі. Қосымшаның өзінде көзделген отбасылық қолжетімділік мүмкіндіктері сақталады.

РУССКИЙ ТЕКСТҚАЗАҚША МӘТІН

5. Отмена заказа и возврат

5. Тапсырыстан бас тарту және ақшаны қайтару

Покупатель вправе обратиться за отменой заказа или возвратом денег в течение 14 календарных дней с момента оплаты. Это условие устанавливается настоящей офертой в соответствии со статьями 380 и 382 ГК РК и не ограничивает предусмотренные законодательством права покупателя при непредоставлении доступа, недостатках приложения или иных нарушениях договора.

Сатып алушы төлем жасалған сәттен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде тапсырыстан бас тарту немесе ақшаны қайтару туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Бұл ереже ҚР АК-нің 380 және 382-баптарына сәйкес осы офертамен белгіленеді және қолжетімділік берілмеген, қосымшада кемшіліктер болған немесе шарттың өзге де бұзылуы орын алған жағдайларда сатып алушының заңнамада көзделген құқықтарын шектемейді.

Для проверки достаточно сообщить email заказа, дату и сумму оплаты, номер заказа при наличии и причину обращения.

Тексеру үшін тапсырыста көрсетілген электрондық пошта мекенжайын, төлем жасалған күн мен соманы, бар болса, тапсырыс нөмірін және жүгіну себебін хабарлау жеткілікті.

Ошибочно повторно списанная сумма подлежит возврату. При непредоставлении доступа, недостатках приложения или отказе покупателя от дальнейшего исполнения договора вопрос о возврате разрешается по законодательству Республики Казахстан. Возможные удержания должны иметь законное основание и подтверждаться расчётом. Активация кода сама по себе не лишает покупателя предусмотренных законом прав.

Қателесіп қайта есептен шығарылған сома қайтарылуға тиіс. Қолжетімділік берілмеген, қосымшада кемшіліктер болған немесе сатып алушы шартты одан әрі орындаудан бас тартқан жағдайда, ақшаны қайтару мәселесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі. Ықтимал ұсталымдардың заңды негізі болуы және олар есеп-қисаппен расталуы тиіс. Кодты белсендірудің өзі сатып алушыны заңнамада көзделген құқықтарынан айырмайды.

Продавец рассматривает обращение и направляет ответ в течение 10 календарных дней с даты получения. При несогласии с требованиями покупателя Продавец предоставляет мотивированный письменный ответ с приложением подтверждающих документов — в соответствии с пунктом 2 статьи 42-4 Закона Республики Казахстан «О защите прав потребителей».

Сатушы өтінішті қарайды және оны алған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде жауап жібереді. Сатып алушының талаптарымен келіспеген жағдайда Сатушы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-4-бабының 2-тармағына сәйкес растайтын құжаттарды қоса тіркеп, дәлелді жазбаша жауап береді.

При наличии оснований для возврата Продавец направляет распоряжение о возврате не позднее семи календарных дней с даты получения требования покупателя, если законодательством не установлен более короткий срок. Этот срок является договорным условием исполнения обязательства согласно пункту 1 статьи 277 ГК РК. Рассмотрение обращения не продлевает срок исполнения обоснованного требования.

Ақшаны қайтаруға негіздер болған жағдайда, егер заңнамада одан қысқа мерзім белгіленбесе, Сатушы сатып алушының талабын алған күннен бастап жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей ақшаны қайтару туралы өкімді жібереді. Бұл мерзім ҚР АК-нің 277-бабының 1-тармағына сәйкес міндеттемені орындаудың шарттық талабы болып табылады. Өтінішті қарау негізделген талапты орындау мерзімін ұзартпайды.

Возврат производится на первоначальное платёжное средство. Срок фактического зачисления зависит от платёжной системы и банка.

Ақша төлем жасалған бастапқы төлем құралына қайтарылады. Ақшаның нақты есепке түсу мерзімі төлем жүйесі мен банкке байланысты.

При полном возврате за приобретённый доступ соответствующий код аннулируется, а право дальнейшего использования оплаченного доступа прекращается.

Сатып алынған қолжетімділік үшін төленген ақша толық қайтарылған кезде тиісті кодтың күші жойылады және ақысы төленген қолжетімділікті одан әрі пайдалану құқығы тоқтатылады.

РУССКИЙ ТЕКСТҚАЗАҚША МӘТІН

6. Персональные данные

6. Дербес деректер

Продавец обрабатывает необходимые данные покупателя для оформления заказа, оплаты, выдачи и восстановления доступа, направления чека и рассмотрения обращений.

Сатушы сатып алушының қажетті деректерін тапсырысты рәсімдеу, төлем жасау, қолжетімділікті беру және қалпына келтіру, чекті жіберу және өтініштерді қарау үшін өңдейді.

Сбор и обработка данных осуществляются с соблюдением статей 7 и 8 Закона Республики Казахстан «О персональных данных и их защите». Необходимое согласие оформляется при заказе способом, позволяющим подтвердить его получение.

Деректерді жинау және өңдеу «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 және 8-баптарының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады. Қажетті келісім тапсырысты рәсімдеу кезінде оның алынғанын растауға мүмкіндік беретін тәсілмен рәсімделеді.

Порядок обработки, хранения, защиты и необходимой передачи данных платёжному сервису и другим исполнителям изложен в Политике конфиденциальности. Согласие на рекламные рассылки не является условием покупки.

Деректерді өңдеу, сақтау, қорғау және қажет болған жағдайда төлем сервисі мен басқа орындаушыларға беру тәртібі Құпиялылық саясатында баяндалған. Жарнамалық хабарламаларды алуға келісім беру сатып алудың шарты болып табылмайды.

7. Ответственность и изменение условий

7. Жауапкершілік және талаптарды өзгерту

Продавец обязан предоставить работоспособный доступ в согласованном объёме без ограничения срока использования и надлежащим образом исполнять обязательства согласно статье 272 ГК РК. Отправка кода не прекращает эти обязательства.

Сатушы қосымшаны келісілген көлемде және мерзімсіз пайдалануға мүмкіндік беретін қолжетімділікті қамтамасыз етуге және ҚР АК-нің 272-бабына сәйкес міндеттемелерін тиісінше орындауға міндетті. Кодты жіберу бұл міндеттемелерді тоқтатпайды.

Стороны несут ответственность по применимому законодательству. Оферта не ограничивает обязательные права потребителя, включая право обратиться в уполномоченные органы или суд, предусмотренные статьями 8-1 и 42-2 Закона Республики Казахстан «О защите прав потребителей».

Тараптар қолданылатын заңнамаға сәйкес жауапты болады. Оферта тұтынушының заңда кепілдендірілген құқықтарын, оның ішінде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-1 және 42-2-баптарында көзделген уәкілетті органдарға немесе сотқа жүгіну құқығын шектемейді.

Новая редакция оферты и новые цены применяются к последующим покупкам. Условия уже оплаченного заказа сохраняются.

Офертаның жаңа редакциясы мен жаңа бағалар кейінгі сатып алуларға қолданылады. Бұрын ақысы төленген тапсырыстың талаптары сақталады.